Қорқынышты фильмді ұнататын жандарға жағымды жаңалық!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Шынайы оқиға желісімен түсірілгені ең үрейлі «Винчестер. Дом, который построили призраки» картинасының трейлері жарық көрді. Еске салар болсақ, бұл туынды әйгілі «Винчестер» қару құралымен тікелей байланысты.

Талай адамның өліміне себепші болғандықтан, Винчестер әулеті елестердің құрбанына айналады. Қиындықтан құтылмақ үшін, компания мұрагері Сараға экстрасенстің кеңесімен, 160 бөлмелі үй салуына тура келеді. Алайда, жамандықтан дәл осылай арылам дегенде, жан түршігерлік жағдайлар орын алады.

Фильмнің сценариіне негіз болған үрейлі үй әлі де бар. Тіпті, атышулы жерді көру үшін, Калифорния штатына келушілердің қарасы көп көрінеді. Ал,  қорқынышты фильмнің өзін, киносүйер қауым 2018 жылы тамашалай алады.