«Ырылдассың қаппасың, өз әйеліңнен жақсы таппасың!» Нұртас Адамбаев неге бұрынғы жұбайымен қайта қосылды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айза Анюхинаның желіге жүктеген бейнебаянында, сылқым экс- күйеуі Гуфты – өзің де, сөзің де, музыкаң да енді елге қажетсіз деп масқаралаған. Бұл видеоны рэпер «шыбын шаққан құрлы көрмегендей». Керісінше, Алексей Долматов Айзаны сүйетінін айтып, жұртты шулатты.

Бұрынғы күйеуіне деген өкпе – ренішін, тіпті наласын бүкпесіз бір трекке  сыйдырған! Рэперге ұлыңды көруге зар етемін дейді сылқым. Сахнадан кеткенің абзал, тыңдарманың қалмады, жұлдызың сөнді деген кеңестері тағы бар.

Айзаның бұлай ашынуына себеп те жоқ емес. Бұған дейін, Гуф Анохинаның өзін де, қазіргі күйеуін де қаралайтын сөздер айтқан болатын. Енді, «Сүйемін сені Айза, қайта оралшы!» - деп мүләйімсиді рэпер! Твиттердегі бұл жазбалары, экс-сүйіктісін қайтарып алудағы талпынысына ұқсайды. Дегенмен, көпшілік Гуфтың шынайылығына күмәнмен қарайды.

Таяуда таныстырған үнтаспасын осы оқиға арқылы жарнамалауды көздейді дегендер де табылды. Рэпердің пиар үшін талайдан тайсалмайтыны бұрыннан мәлім. Еске салсақ, Алексей Долматов пен Айза бес жыл бірге тұрып, ат құйрығын үзіскенді. Анюхинаның мәлімдеуінше, олардың шаңырақтарын ортасына түсірген - Гуфтың опасыздығы.

Нұртас Адамбаев пен жұбайының арасынан қандай «қара мысық» өткені көпшілікке беймәлім. Киногер жеке өмірін мейлінше «жеті қат сандықта» жасырып ұстайды. Дегенмен, олардың ажырасуы көпке созылған жоқ. Ұлым толыққанды отбасында өмір сүруі тиіс деген продюсер, экс-жарымен қайта татуласқан болатын.

Өмір мен өлімнің арасын сездірген жол апаты, тәубеме түсірді! «Азия» тобының әнішісі Ренат Басит те, ұлы мен келіншегін тастап, өзге арулармен көңіл қосып кеткенді. Кейін, ауруханада хәл үстінде жатқанда жанұясынан жақын жандардың жоғын түсінген. Жазылып шыққан соң, бұрынғы жұбайымен татуласып, бірге өмір сүре бастады. Қайта тұтанған махаббаттың арқасында, өмірге кішкентай ханшайымдары келді.