Тәуекел Мүсілім «Брат или брак» картинасына түсуден ат тонын неге ала қашты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Құралай Анарбекованың продюсерлік дебюті, Тәуекел Мүсілімнің кесіренен қыл үстінде болған. Себебі, актер өзіне арналып жазылған рөлді сомдаудан бас тартыпты. Бұл қалай болғаны? Әріптесімнің «жұлдыз ауруы» асқынып кеткен бе?

Менменшіл, өзін өзгеден биік қоятын жан! Көпшілік Тәуекел Мүсілімнің өмірдегі болмысы осы деп түйеді. Дәп сол образды актер «Брат или брак» картинасында сомдап шыққан.

Әуел баста, жұрттың онсыз да жағымсыз пікірін өршітіп аламын деп қорыққандықтан, кинода төбе көрсетуден бас тартқан. Кейіпкердің өзіне арналып жазылғаны да райынан қайтара алмапты. Дегенмен, фильм режиссері Ернар Нұрғалиев, актер сан қырынан танылауы тиіс деген уәжімен, ақыры көндіре алған.

Тәуекел Мүсілім,  актер:

- Смеется над собой деген сияқты айтып жатыр да. Те, люди которые умеют смеяться над собой они умные, интелектуальные деген сияқты айтып жатыр. Мен үшін бұл өте бір жағымды пікір. Сол себепті,  мен ойлаймын  керісінше бұл менің дәрежемді түсірмей, асқақтатады деп.

Комедия дебюттанттардың еңбегінің нәтижесі дерсіз. Толықметрлі картинада Құралай Анарбекова алғаш рет продюсерлік етсе, Ернар Нұрғалиевтың үлкен экрандағы тұңғыш жұмысы.

Дәурен Серғазин, актер:

– Мен өзі жас режиссерлармен пікірталасқа түскенді өте жақсы көремін. Менің логикама сыймайтын нәрсе болса, мен міндетті түрде өзімнің пікірімді айтып, өзімнің көзқарасымды айтамын.

Киноөндіріске тұңғыш қадам басқан Нұрлан Сабуровқа рөлін алып шығу керісінше, тым оңай соққан. Себебі, әзілкештің образы мен кинодағы кейіпкер аса  ұқсас.

Нұрлан Сабуров, актер:

– Рөлімді керемет сомдап шықтым дей алмаспын. Бірақ, экраннан мені көргенде жұрттың жүрегі айнып кетпесе, оның өзі жақсы нәтиже.

Комедия кеше үлкен экранға жол тартты.