Голливудта жаңа жұп! Актриса Эмма Стоун кімді құрығына түсірді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Белбеуге таласқан спортшылардай, Эмма Стоунның жүрегіне апаратын жолдама үшін де тартысушы жандар жетерлік. Алайда, сылқым құрақ ұшқан қалың серінің ішінен, сүйіктісін әйтеуір тапқандай. Енді актриса, түсірілімде өзінің әріптесі болған режиссердің жары атанбақ...

 

«Ла-ла-ленд» картинасының жұлдызы - Эмма Стоун махаббатқа мас күйде. Бұл жолы актриса, сұлулығымен режиссер Дэйв Маккеридің жүрегін жаулаған. Saturday Night Live телешоуында танысып, көңіл жарастырған екі жас, енді отау құруды да ойластырып жүрген көрінеді..

Туған күніңмен Кэти Пери! Отыз үш жасқа келген әншіге, жанкүйерлері тілектерін қарша боратты. Дүркіретіп тойламаса да, сылқымды достары жан-жақтан құттықтауда. Тіпті, олардың арасында, Біріккен Ұлттар Ұйымының «Балалар қоры» – ЮНИСЕФ-те бар..

Ал, Ева Лонгория не болса да, сауық-сайраннан бас тарпаймын дейді! Жарақат алған сылқым, кештердің біріне аяғы гипстеулі күйде төбе көрсетті. Құрбысының бұл жағдайына Виктория Бекхамның жаны қатты ашығандай. Ол инстаграм парақшасында Евамен бірге түскен суретті жүктеп, әзілмен «Керемет бәтеңке» деп жазба қалдырды...