Белбеу үшін бақталастық! WBA чемпиондығы жолында Қанат Исламның басты бәсекелесі кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайта табысу емес, спортшылардың ұраны жаулап алу. Мәселен, Қанат Ислам үшін WBA чемпиондық белбеуіне бәсекелесуге таптырмас мүмкіндік туғандай. Бұл жолда оның қарсыласы ұтылмаған аргентиналық Брайн Кастаньо болуы ықтимал. Толығырақ Серік Ноянбайұлы айтып берсін.

33 жастағы Қанат Ислам қазіргі таңда WBA рейтингінде екінші орында. Бұл дивизионның уақытша чемпионы Деметриус Андраде, белбеуінен бас тартып орта салмаққа ауысты. Спорт мамандарының топшылауынша, WBA суперчемпионы Эрисланди Лара да осыны ойластырып жүр. Демек, Қанат үшін WBA чемпиондығына бақталасар сәт туғаны анық.

Бірінші орта салмақтың WBA рейтингінде, жеңіліп көрмеген Брайн Кастаньо Қанаттан бір саты жоғары тұр. Екеуі де, Андраде босатқан уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салуға құқылы. Қандасымыз бен америкалық боксшының титулды айқасы, келешек еншісіндегі шаруа. Әзірге, Исламның қынжығасында WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулері бар. Бұл дивизион көшбасшысының тағына талас, күн өткен сайын қыза түсуде. 

Талантты кәсіпқой боксшымыз Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін мексикалық Хосе Эмилио Переаға қарсы өткізеді. Батыр өз мансабындағы 9 кездесудің бәрін жеңіп, 8 қарсыласын нокаутқа түсірген. Бұл бокс кеші Канаданың Квебек қаласында 28-қазан күні болмақ. Жас жұлдыз Айдар Шәрібаев та 28-жасар колумбиялық Карлос Падилламен, АҚШ-та дәл осы күні айқасады. Соңғы кездесуінде нокаут тіркеген Айдар, кәсіпқой рингтегі 6 жекпе-жегінің бәрін ұтқан.