«MadMen» тобының жігіттері латын әліпбиінде түсіп қалған сегіз әріптің қалай жазылатынын тапты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Халық алдында жүргендіктен мен де соңғы тенденциялардан хабардар болуға тырысамын. Бүгін президент латын әліпбиін бекіткендіктен, барынша меңгеріп көрмек болғанмын. Түсінбегенім, бізге бұрыннан белгілі Э, Ю, Я қайда кеткен?

Кью – поп саласында екінші «Найнти уан» атанып кеткен «MadMen» - дік жігіттер де таң атқалы латын әліпбиін зерттеп әлек. Жаңашылдықты қабылдау қиын соққанымен, ептеп меңгере бастаған. Тіпті, кемшілігін өз беттерінше түгендеп те көріпті.

«MadMen» тобы:

– 34 әріптің нұсқасы ғана берілген қалай жазылатыны. Қалған әріптер қайда деп ойладық та. 8 әріп жетіспейді екен. Мәселен: щ, я, э, ю, ь, ъ, е және де ц! Сөйтіп біз балалармен өзіміздің нұсқамызды жазып көрейік деп шештік.

Кейбірі, месенджерлерде хат алмасқанда, қазақша сөздерді латын әрпімен жазуды әдетке айналдырған екен. Бұл да жаңа әліпбиді меңгеруде әжептеуір жәрдем болған. 

«MadMen» тобы:

– Щ әріпін былай жазып көрдік. Біздің нұсқамыз бойынша. Я – әріпін біз и мен а. Э әріпі – и әріпі мен е әріпі. Ю – и, уай.  Мысалғ,а аю деген сөзді жазатын болсақ.

Латын әліпбиі айналасында әңгіме қозғалғалы «сәбіз» хайп сөзге айналғаны мәлім. Түрлі мемдар мен әзілдерге арқау болды. Коллекцияларына қосып, «тренд» сөзді подиумға шығарғандар да табылды. Қазіргі нұсқамен «SA`BIZ» дәл осылай таңбаланады.

«MadMen» тобы:

– Бұл жай ғана біздің нұсқамыз. Әлі де, мамандар 2025 жылға дейін, барлығын дамытып, қалай жазылуын болашақта айтады.

Расында, жаңа әліпби әлі біраз жетілдіруді талап етеді.