«Алиса әбден шаршатты!» Баян Мақсатқызы жаңа мюзиклдағы кейіпкерінің образын таба алмай әлек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қанша қаржы ұсынылса да, Баян Мақсатқызы бір жылға дейін сұқбат бермеуге уәде еткенді. Дегенмен, жаңа мюзиклы таспалана бастағанда, үнсіз қалмасы анық. Продюсер қол астындағы жобаларының бәрі қатысырылған тың жанрдағы туынға дайындық жүргізіп жатыр.

«Алаулық» жігіттер күнделікті би жаттығуларын жасаса, Камшат Жолдыбаева «өгей шешені» сомдауға машықтанып жүр.

Ең қиыны Баян Мақсатқызының образын таңдау болып тұр. Алиса есімді бикешті сомдайтын продюсер, бұған дейін түр-тұлғасын талай өзгертіп көрді. Әйткенмен де, рөлді аша түсер стилді ақыры таба алмаған. Әлі де ізденіс үстінде.