Мәдина Сәдуақасова «Бала дауысында» жерлесін жақтап кетті. Ал, жұлдызды тәлімгердің алматылық шәкірті ше?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әр аймақтың үкілеген үміттерін бәйгеге қосқан «Бала дауысы»  байқауының биылғы үздіктері анықталды. Осы жылы алматылық жас өреннің тәлімгері ретінде бекітілген Мәдина Сәдуақасова, ақтық сында жерлесін жақтап кеткен көрінеді.

 

«Бала дауысы» байқауында ақтық сынға жолдама алған 18 қатысушы, алғашқы айналымда тәлімгерімен дуэт орындаса, екінші кезеңде қарсыластарымен халық әндерін шырқады. Үшінші турда әлемдік хиттерге таңдау түскен. Нәтижесінде, қызылордалық қыз жүзден жүйрік шықты. Жас жұлдыздарды Әлия Назарбаева марапаттады.

Назерке Шамбилова, «Бала дауысы-2017» байқауының жеңімпазы:

-Мен әшейін, жай ғана тұрдым мен емес шығар деп. Сөйтсем, Шамбилова Назерке деген кезде қуанып кеттім қатты. Өзіме сенбей қалдым.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Шынайы әрі әділетті болды. Сондықтан, бас жүлдені Қызылорданың тумасы Назерке ұтып алды. Енді менен бақытты адам жоқ. Өзімнің жерлесім. Ал, бірінші орынды менің шәкіртім...

Нұрлыбек Сапарбай, «Бала дауысы-2017» байқауының 1-ші орын иегері (Алматы қ.):

-Бәрі өз орынында. Мен де өзім бірінші орын алдым.

Иә, Мәдинада қос қуаныш! Жерлесі бас жүлдені еншілесе, шәкірті бірінші орында! Ал, баптаған жас өрендері жүлдеге ілікпеген жұлдызды тәлімгерлер келер жылға үмітпен қарайды.

Маржан Арапбаева, әнші:

-Әттеген-ай деген ылғи да болып тұратын нәрсе. Әттеген-ай деген нәрсе бітпейді ешқашан. Бірақ, жалпы жаман емес.

Данияр Өтеген, «Rin'Go» тобының әншісі:

-Мүмкін сол тәжірибе жетіспей қалған шығар. Менің ойымша ол тек қана бастамасы Диана үшін. Келесі жылы дәл осы байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болады деген үміттемін.

Жеңімпаз атанған Назерке Шамилова енді өзі қалаған өнер ошағында тегін білім алады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан гран-при иегеріне деген тосын сыйлары мұнымен шектелмеді.

Толғанай Хасен, ұйымдастырушы:

-Ең басты сыйлығымыз «Диснейлендке», Париж қаласына саяхатқа, ата-анасына және балаға жолдама беру.