Көлемді кинодан шағын клипке! Режиссер Асқар Бисембин тоқырауға тап болған ба?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Лойалздар» үшін жағымды жаңалық! Зирузаның командасы жас әншінің екінші клипі кинодан кем болмайды деп отыр. Өйткені, «Қиын-оңай» атты трекке таспаланып жатқан бейнебаянға режиссерлық ету жұмысы Асқар Бисембинге жүктелген екен. 

Бұрындары Бисембинді тек толықметрлі фильмдердің түсірілім алаңында ғана көретін едік. Алайда, киногерді клипмейкерлікке көндірген продюсер Ерлан Әлімов болып шықты. 

Ерлан Әлімов, продюсер:

-Ол Америкада оқып шыққан. Оның көзқарасы кішкене басқашалау. Негізі ұсыныс мен жасадым. Өйткені мен бұрыннан бері Асқардың шығармашылығына тәнтімін. Оның киноларын қарап жүрміз.

Отандық фильмдер қоржынын «Свадьба на троих», «Замуж в 30», «Адель», «Наурыз кз» сынды картиналармен толықтырған киногердің бұл клипмейкер ретіндегі дебюті...

Асқар Бисембин, режиссер:

-Әдетте режиссерлер клиптен киноға бет бұратын еді. Мен керісінше көлемді картинадан басталған тәжірибемді, шағын видеомен жалғастырып жатырмын. Бірақ, бұл біріңғай бейнебаян түсіремін деген сөз емес. Идея ұнағаннан кейін, эксперимент жасап көргім келді.

Жаңа видеоның сюжеті америкалық стильге жақын. Бұл клипте мектеп қабырғасындағы оқушылардың махаббаты баяндалады. Басты рөлдегі қыз оқымысты болғанымен, оның қатарластарымен қарым-қатынасы мәз емес. Алайда, биге деген құштарлық бойжеткеннің белсенділігін арттырып, сыныптастары арасында беделге де ие болады.   

 Ziruza , әнші:

-Сюжетте басты рөлде мен және де бір жігіт болады. Бұл жерде, сюжеттен басқа би болады. Біз көптеген дайындық жасадық. Би болсын деген сөзді естідік, айтып жатыр көбісі. Би жағынан көрсетесіз бе өзіңізді дегендей. Сол себепті, сюжетті де, биді де қостық бейнебаянға.