Әлемнің ең тартымды актерлерінің бірі - Коллин Фаррелл ауыр оқиғаны бастан кешірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің ең тартымды актерлерінің бірі - Коллин Фаррелл ауыр оқиғаны бастан кешірді. Өнерпаз, қараусыз қалған жеткіншекті өз қанатының астына алып, мейірімін танытпақ ниетте еді. Алайда, бозбала  жақсылыққа лайықты жауап қайтара алмады...

Мистика, триллер, драма мен психология. Осы жанрларды бір арнаға тоғыстырған режиссер Йоргос Лантимос, «Убиство священного оленя» картинасын таныстырды.

Йоргос Лантимос, режиссер:

Әуелінде егде тартқан жүрек дәрігері туралы фильм түсіргім келген. Зерттей келе, хирургтардың басым бөлігі жасырақ келетінін түсіндім. Нәтижесінде, бас рөлді Коллин ойнайтын туынды дүниеге келді.

Режиссердің айтуынша, қараусыз қалған бозбаланы асырап алып, мистикаға толы сәттерге тап болатын дарынды дәрігер рөлін - Коллин Фаррелл ойдағыдай алып шыққан.

Актермен бірге, кино барысында Николь Кидман да жантүршігерлік құбылысты бастан кешірген.

 

Колин фаррелл, актер:

-Фильм өзгеше. Диалог, локация, кейіпкерлердің мінезі. Мүлде бөлек туынды. Актер ретінде маған да өте жат әрі қызық болғанын жасырмаймын.

Көрермен қауым психологиялық драманы қараша айынан бастап, үлкен экрандардан тамашалай алады.