Ең танымал қазақстан полиция қызметкерлері Серік пен Берік экранға қайта оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазнеттің әр түкпіріне кең тараған «Патруль» сериалының сәтті үзінділерін, жұр әлі де жалықпай қайталап көрумен жүр. Бұл телехикаяның басты кейіпкерлері Серік пен Берік, қоғамдық тәртіпті  күзетуге қайта келді. НТК арнасының ең табысты телеөнімі жаңа   маусымда көрерменін несімен қуантпақ?      

 

«Патруль» телесериалы - бүгінде отандық құқық қорғаушылар туралы әзілге түзілген ең сәтті ситком. Жоғарғы рейтингі мен танымалдығы авторларына үшінші маусымды да таспалауға түрткі болған.  

Еліміздегі кез-келген полиция қызметкері бұл кейіпкерлерді жатқа біледі. Серік пен Берік атанған қос актер ,шынайы өмірде де құқық қорғаушылармен түрлі оқиғаларға тап болады.

Біреуі олардың жол жүру ережесін бұзғанын кешірсе, енді біреуі селфи жасауға құмар.

НТК арнасының төл өнімі «Патруль» телехикаясының үшінші бөлімі де көрерменін сан-алуан қызықты оқиғаларымен баурайды.

Махаббат, адалдық, әділетсіздік пен кәсіпті сүю мәселелері сюжеттің көркін кіргізеді. Әрине, тек «Патрульге» тән сапалы әзіл тағы бар.    

НТК телеарнасынан «Патруль-3» телехикаясын енді дүйсенбі мен жұма аралығында күн сайын 19:50 де көріңіздер.