UFC чемпионы МакГрегор енді Криштиану Роналдумен неліктен жарысуға бекінді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы Конор МакГрегор, енді футболдан өзіне бәскелес тауып алды. Қызуқанды ирландиялық, Роналдудан Forbes тізіміндегі көшбасшылық тізгінін тартып алуға ниетті. Бұл туралы ол өзі жайлы түсірілген «Ноториус» деректі фильмінде мәлімдеген.

UFC чемпионы МакГрегордың шоуды сүйетінін жаһан жұрты жатқа біледі.  Жұлдызды футболшы Криштиануды ақшалай табысыммен басып озамын деуі, бір жоспарының шеті болуы мүмкін. Себебі, ол фильмінде зейнетке кеткен Мейвезерді реваншқа шақырған!  

Конор МакГрегор, UFC чемпионы:

- Роналдуды былтыр әлемдегі ең бай спортшы деп мойындады. Мен ол кезде 24-ші орында едім. 2018 жылы Мейвезер бірінші, мен екінші болмақпын. Мақсатым Флойды басып озып, «Форбс» тізімінде көш бастау.