Сіздер де «Қағаз кеме» сериалын үзбей тамашалап жүрген боларсыздар?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мысалы, Аяулым мен Дидардың әсерлі вальсін көрермен  ұзаққа ұмытпасы анық. Авторлар телехикая сюжетінің әрі қарай да, ешкім күтпеген тосын оқиғаларға толы боларына уәде беруде.

Жансері әсем әнімен сыныптастарының ықыласын жаулай алғандай. Бұған дейін, менмен жігіт ретінде танылған ол, өнерден құр алақан еместігін дәлелдеді. Алайда, бозбаланың бұл қыры Динараның жүрегін жаулауға көмегін тигізе алар ма екен?

Зарина мен Дастанның таласы бұдан ары өрши түскендей. Ең үздік топ құруға екеуі де дәмелі. Бірақ, бағы мен бабы қатар шапқан тек жалғыз ұжым жеңімпаз атануы тиіс.

Не болса да, бірден жұдырық ала жүгіретін бұзақы Ерден мен оқудың озаты Дидар тіл табыса алар ма екен? «Қағаз кеменің» Нұрлан мен Мұратының орындауындағы жаңа рэп сіздің де көңіліңізден шыққан шығар?!