Сүйінші! «Универ» жұлдызды Арарат Кещян екінші рет әке атанды.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сүю, сүйікті болу»! Арарат Кещян да жұбайына деген  махаббатын ашық айтудан жасқанбаған! «Универ» жұлдызының бүгінгі эмоциясы тым ерекше! Себебі, жары актерға тағы бір ханшайым сыйлады.

Біздің жанұямызда «Диана Араратовна» хэштегі пайда болды» - деп серінің өзі сүйіншілетті. Жаңа туылған перзентінің суретін жариялауда да, көз бен сөзден жасқанбаған. Ситком жұлдызы мен жары Катяның тұңғыштары да қыз!

Бүгін нағыз – бэби бум! Миллиондардың кумирі – Криштиану Роналдуда  төрт сәбидің асқар тауы атанды! Сүйіктісі Джорджина Родригес аяқ доп шеберіне -  ханшайым сыйлады.

Серінің бұған дейін суррогат аналардан туған екі ұлы мен бір қызы бар. Бір қызығы, шақалақ өмірге келген кейін, бірнеше сағаттан соң-ақ Джорджина мен Криштиану мейрамханаға барып, отбасындағы қуанышты сәтті бірге атап өткен.

Жалындаған жас серілермен салыстырғанда «Мистер Бин» Роуэн Аткинсонның «алпысбайының» туылуы қызығырақ болғалы тұр. Себебі, актердың бұған дейінгі балалары әлдеқашан есейіп кеткен. Сондықтан, ол таяуда дүниеге келетін, үшінші сәбиімен қауышуға ерекше әзірленуде. Әкелерге арналған арнайы курстарға да барып жүр.