#ЭКСКЛЮЗИВ! Көпшілік көкейіндегі сауалға Дәурен Айдарқұловтың жауабы дайын!

Сообщить о проблеме с эфиром

БАҚ өкілдерін көрсе, бой тасалап қашатын Дәурен Айдарқұлов біздің тілшілердің құрығына түсті. Осы уақытқа дейін журналистермен жүздесуді қаламайтын актер, бұл жолы өміріндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, Ақботамен арадағы қарым-қатынасы жайлы да ашық айтты. Толығырақ Серікқазы Аязбаевтың сюжеті сабақтасын...

Жо-жоқ, бұл махаббат хикаясының соңы емес! Керісінше Дәурен мен Ақбота арасындағы сезім оты қайта лаулай түскендей. Өйткені, Айдарқұлов өзіне жиі жолданатын, әрі жалықтырған сауалдың нақты жауабын «Ревю» арқылы беруге бекініпті.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Мені шаршатқан сұрақ... Ақботаны сүйесіз бе, сүймейсіз бе? Жауабын айтайын ба сіздерге?! Әрине, сүйемін!

Иә, Сейітмағамбетті сүйеді! Бірақ, дүйім жұртқа жария қылғысы келмейді.  Сұхбаттан бас тартып, журналистерді көрсе ат-тонын ала қашатыны сондықтан екен...

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Мен тек қана жеке сұрақтардан ғана қашамын. Өйткені, менің ойымша ол жеке сұрақтар, жеке сұрақтар! Бүкіл Қазақстанға не үшін жариялаймын..? 

Онда шығармашылыққа қарай ауыссақ! Дәл қазір Дәурен клиптің түсірілімінде жүр! Жас әншінің жаңа видеосында, атышулы актерға қандай рөл бұйырды дерсіз..?

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Бұл клипте мен өз-өзімді ойнаймын. Яғни, Дәурен Айдарқұловты. Сценарий бойынша мені клипке түсуге шақырған болатын. Бірақ, мен өмірдегідей кешігіп қаламын.

Дәурен бұл бейнебаянда соққыға жығылып, тіпті мұрынын да сындырады. Ал, клиптегі кейіпкер, өмірдегі Айдарқұловтың жанына қаншалықты жақын?!

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Ондай енді студенттік кезде, мектеп кезінде болатын. Қазір енді, ондай жағдайлар кездеспейді. Кездеспей-ақ та қойсын.

Дәурен Айдарқұлов бой көрсететін бұл бейнебаян, бір айдың көлемінде қалың көпшілікпен қауышатын болады!