Дәурен мен Ақботаның махаббат хикаясы, қоғам арасында қызу талқылана бермек.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәурен мен Ақботаның махаббат хикаясы, қоғам арасында қызу талқылана бермек. Атышулы жұпқа отандық өнер жұлдыздарының да айтары бар. Өзге әріптестері олар туралы не дейді? Толығырақ тілшіліміз тарқатсын.

Көңіл жарастырып, жүрек қалауымен бас құраған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ел аузына еріксіз ілікен еді. Атышулы жұп, көп созбай ақыры ажырасып тынды. Алайда, экс-жұбайлар арасы әлі де үзілмек емес. Режиссер Жеңісхан Момышевтың дәл осындай ғашықтарға өз айтары бар.

Жеңісхан Момышев, клипмейкер, режиссер:

-Кешірімді болып, кездесіп, бір-бірін кешіріп қосылғанмен ертең қайта кетіп қалады. Сондықтан, уақыт тығыз, уақыт алтын, егер бірнәрсе болмай жатса, жібере салу керек.

Әріптесі Ақбота сынды, ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққан Айдана Меденова болса, қалың жұртшылық арасынан туындаған қызығушылықа еш ренжудің қажеті жоқ дейді. Пікірінше, жел тұрмаса, шөптің басы қозмалмайды.

Айдана Меденова, әнші:

-Мүмкін, өзінің әдейі істеген жоспары шығар. Меніңше өз жеке өмірін көрсетпеймін деген адам ол, барынша жасырады оны. Енді халықтың адамы болғаннан кейін, бәріне қызық оның барлығы.

Бұған дейін, Ақбота да, Дәурен де қарым-қатынастарының соңғы нүктесін әлуметтік желідегі жазба арқылы қойған болатын. Әнші, Мәдина Сәдуақасова мұндайда жеке өмірді халық  назарына ұсынбау керек дейді.

Мәдина Садуақасова, әнші:

-Мен ашулансам, ренжісем өзіне звондап айта саламын. Мен оны инстаграмға салып не істеймін, сыртынан басқа адамдарды қосып.

Бұдан былай Дәурен де, Ақбота да әріптестерінің кеңесіне құлақ түреді деген үміттеміз.