Тұрсын Алагөзовтің бар мүлкін бұрынғы жұбайы тартып алғаны рас па? Кәсіпкер эксклюзивті сұқбат берді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Эксклюзив! Бұрын Тұрсын Алагөзовті ірі компания президенті, бақуатты бизнесмен ретінде танитынбыз. Бүгінде, ол бұл мүлкінің бәрінен айырылып, тақырға отырған. Себебі, экс-жұбайы Ляйсира, кәсіпкердің дүниесін сот арқылы тартып алыпты. Алагөзов осы туралы алғаш рет ашық айтты...

«Ұлым 26 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған бұрынғы жары Ляйсира мен оның туыстарының атына барлық зауыттары мен үйін, жылжымайтын мүліктерін аударып берді». Сазгер әрі дирижер, елге белгілі бизнесмен Тұрсынның әкесі - Тұрым Алагөзов инстаграм арқылы осындай пост жазып, экс-келінінің қылықтарына ашынған болатын.

Тұрсын Алагөзов, бизнесмен:

– Әкем жетпістен асқан қарт кісі ғой. Сондықтан, оның  реніш білдіруі түсінікті де шығар. Оның жазғандарының басым бөлігі -  шындық. Мен оған сырымды айтқан соң, өзі осындай ой түйген.

Тұрсын Алагөзов таяуда экс-жұбайымен заңды түрде ажырасқан. Ортақ мүліктерін бөліске салғанда, маған тиесілі дүниені өз еркіммен Ляйсираға, перзенттеріме бердім дейді бизнесмен.

Тұрсын Алагөзов, бизнесмен:

–Табысты адам ешқашан мойымайды. Ол кез-келген қиындықтан жол тауып, байлығын қайта көбейтетін жол табады. Сондықтан, мен оларға бар мүлкімді өз еркіммен беріп кеттім.

Тұрым Алагөзов бұрынғы келінін «жан дүниесі таяз» деп те айыптаған болатын. Хәл үстінде жатқан жұбайымның, жағдайын сұрауға да жарамады дейді ақсақал. Дегенмен, Тұрсынның Ляйсираға өкпесі жоқ. Тіпті, экс-жарынан кешірім сұрамақ болып бірнеше рет оқталған екен. Бірақ, Ляйсира кездесуден бас тартқан.

Тұрсын Алагөзов, бизнесмен:

-Өмір жалғасып жатыр. Көңілдің жарасы жазылуы үшін уақыт қажет. Бірақ, күндерден кейін, бұл жәйт көрген түстей өте шығады... Сол кезде бұрынғы жұбайымнан кешірім сұрайтын сәт туатын шығар.

Бүгінде, Тұрсыннан перзенттері теріс айналған. Тіпті, қызы құжатында тегі мен әкесінің атын да өзгертіп тастапты. Дегенмен, кәсіпкер балаларымен келешекте қайта тіл табысатынынан үмітті.