Әзіліміз жарасқан! Актер Еркебұлан Дайыров пен Гүлназ Жоланованың видеосы желідегілерді күлкіге қарық қылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір қарағанда қыз баланы тоқпақпаған ер азаматтың қылығы ерсі көрінеді. Бірақ, актер Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит және Гүлназ Жоланованың бұл видеосы, Қазнетті күлкіге кенелтті. Түсінбеген жұртқа әзілі жарасқан әріптестердің айтары да бар...

Еркебұлан Дайыров дәл осы видеоны желіге жүктеп, инста парақшасында Гүлназды туған күнімен құттықтаған. Оқырмандарын күлкіге қарқ қылған актер, бұл әзілі арқылы достығының белгісін білдірмек болыпты. 

Еркебұлан Дайыров, актер:

-Иә, әзіліміз өте қатты жарасқан. Оны кешегі ғаламтор желісіне салған, Гүлназдың басынан алып жатқан «тоқай»  дейді ғой. Түсірілім барысында өзіміз әзіл-қалжыңмен жақсы араласып кеттік.

Асан Мәжит, актер:

-Гүлназдың бір жақсы жері, біздің қалжыңымызды көтереді. Ол біз ұрсып алсақ та көнеді.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Екеуі қатты қалжыңдайды. Қалжыңды көтеремін. Бірақ, қалай қалжыңдайды, дәл солай кеңес береді. Дәл солай көмектеседі маған.

Иә, әріптестерді түсірілім алаңында табыстырған дәл осы «Тараз» картинасы еді. Сәтті серіктестік бұл үштікті өмірде де айнымас достарға айналдырған.

Асан Мәжит, актер:

-Адамды танығың келсе сапарға шық дейді. Яғни, біздің «Тараз» фильмінің барысы сапардан басталды. Біз сол сапарда жүріп, Гүлназбен де жақсы араластық, Еркошпен оның алдында да жақсы араласамыз. Біздің жақсы араласуымызға, осы сапар түрткі болды ма деп ойлаймын.

Сондықтан болар, әзілі жарасқан әріптестер тағы бір тың жоба аясында қайта табысуды қалайды.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Асанды да, Еркебұланды да кәсіби, талантты актер ретінде жақсы көремін. Сондықтан, қандай да бір жоба болсын қайта қауышқанымды тілеймін.