Еліміздің аралас жекпе-жек шеберлері мен боксшылары Жаңа жыл қарсаңында жеңістерімен қуанта ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Осы жылдың соңы отандық ММА өкілдері мен кәсіпқой боксшылары үшін аянбай тер төгетін уақыт бомақ. Сегізбұрышта айқасып және рингте жұдырықтасатын спортшылар қазақ жұртына жеңіс сыйлаймыз деп құлшынуда.

 

ONE FC-дің экс-чемпионы сегізбұрыштағы соңғы айқасында, филлипиндік Джехе Эустакионы ұтқан. Бүгінде Тайландқа оқу-жаттығуға аттанған Қайрат Ахметов, желтоқсан айындағы жауапты жекпе-жегіне қызу дайындалуда.

Қайрат Ахметов, «Alash Pride FC» спортшысы:

– Нақты қарсыласым шешілген жоқ. Екі, үш үміткер бар, соның біреуін қояды деген үміттеміз. Жоспар болашақта, сол Адреано Мораеспен төбелесіп, белбеуімді қайтарып алу.

«Қазақ» деген лақабы бар Қайрат қазір ONE FC ұйымының беткеұстар файтерлерінің сапында. Аралас жекпе-жек шеберінің табысы да өскен. 

Қайрат Ахметов, «Alash Pride FC» спортшысы:

–  Гонорарым жақсы болғандықтан осы жақта жүрмін деп айтуға болады. Мораеспен кездесуімде көп ала алмадым, жеңген кезде көп алушы едім. Бірақ, соңғы жекпе-жегімде жақсы алдым.

Тағы бір «Alash Pride” сарбазы Арман Оспанов, 23-ші желтоқсанда Мәскеуде байырғы қарсыласы Алексей Полпудниковпен, АСВ-77 турнирі аясында айқасады. «Сұңқардың» көздеген шыңы - UFC промоушені.

Данияр Қасқаруов, «Alash Pride FC» президенті:

– Арман Оспанов қазір Америкада дайындығын жалғастыруда.  Осы кездесуді ұтқаннан кейін, Арманды UFC-ге шығарсақ деген арманымызды әрі қарай жалғастырамыз. Америкадағы WSOF деген ұйым 1 млн доллар ақша тігіп жатыр, сол жерден де ұсыныстар түсуде.

Тәуелсіздік тойы қарсаңында, 16-желтоқсанда Батыр Жүкембаев америкалық Уилберт Лопеске қарсы жұдырықтасады. Бұл кездесу Билли Джо Сондерс пен Давидом Лемье жекпе-жегінің андеркартында өтпек. Тағы бір талантты кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайнов болса, желтоқсанның14-і күні Канадада рингке қайта оралады. 

Қанат Исламның командасы британдық Лиам Смитпен жұдырықтасу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Екі тарап тіл табысса қос боксшы бірінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуіне таласуы ықтимал.