Мәдина Сәдуақасова киімдерінің қызығын бәз біреулер көріп жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәдина Сәдуақасованың сахналық көйлектерін, бәз біреулер той-томалақта киіп шаттанып жүр екен. Әншінің өзі тіктірген я сатып алған бұл қымбат киімдерінің қызығын қалайша басқалар көруде? Мүмкін өнерпаздың өзі кінәлі..?! Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Ел алдында жүргендіктен, әрдайым ерекше көріну кез-келген өнерпазға міндет. Бір сахналық киімді екінші рет қайталап кимеу ұстанымы тағы бар. Бұған әбден төселген әнші арулар, көйлек ауыстыру дәстүріне де берік.

Зарина Омарова, әнші:

-Туылғалы, өнер отбасында дүниеге келгеннен кейін, оның бәрі менде бапталып кеткен. Негізі денеме сіңіп кеткен. Көйлек, бір көйлекті екінші рет кимеу.

Айдана Меденова, әнші:

-Өзім тойларға аз барамын, сондықтан екінші рет киген кездер болмады. Бірақ, концерттік костюмдерді екі рет үш рет киген кездер бар.

Жазира Байырбекова киген көйлектерін сандыққа салуға асықпайды. Әнші образдарының көптігі соншалық, жеке кәсіп ашуына түрткі болған.

Жазира Байырбекова, әнші:

-Мен өзім көйлектерді киіп болғаннан кейін, киіп болғанда 3-4 рет қана киемін ғой. Ары қарай менің салон, прокат платьев бар. Соған алып барамын, мысалы қымбат көйлек алуға қаржысы жоқтар сол жерге, химиялық тазалауда өткізілген көйлектерді, алып киюге мүмкіндіктері бар.

Көйлектерінен кәсіп көзін көрген Жазираға қарағанда, Мәдина Сәдуақасова біршама жомарт жан. Ол да ескі киімдерін қайда жіберемін деп еш бас қатырмайды.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Жақсы көріп қалдым ба бір киімді немес көйлекті тастамай киіп жүрем. Кейде бір рет киесің де іліп қоясың. Енді, менің сіңлілерім өте көп. Соларға әдемілеп тұрып таратып жібересің. Сосын тойға келгенде, барлығы менің көйлегімді киіп алып жүреді.