Әнші Інжудің егіз қызы Роза Рымбаеваны ерекше өнерімен тәнті етті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кішкентайлардың тұсауы үлкен сахнада кесіліп, оларға Роза Рымбаева оң бағасын берсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар, сірә! Дәл осындай мәртебе, әнші Інжудің егіз қызына бұйырды. Халық әртісінің ыстық ықыласына бөленген қос ханшайым өнерлі екенін де байқатты.

Бүгінде Алана мен Аилина бір жарым жаста! Роза Рымбаеваның мерейтойында, кәсіби сахнаға қадам басқан ханшайымдардың анасы Інжу! Әншінің айтуынша, қос қызы Халық әртісінің бұл кешіне ұзақ уақыт әзірленген.

Інжу Әнуарбекқызы,  әнші:

-Түрлі-түрлі форс-мажорлық ситуация болып қалса, қалай болар екен деп ойластырып қойғанбыз жан-жағын. Жылап қалатын болса, құлап қалатын болса деп. Бірақ, барлығы ойдағыдай шықты. Ол менің ойымша Роза Қуанышқызының жақсы ниеті. 

Анасының сөзіне сенсек, Алананың пысықтығы әзірден байқалса, Аилинаның бауырына қарағанда байсалды екенін айтады. Дегенмен, дәл осы дебюттен кейін, Інжу бұл бүлдіршіндердің болашағына үлкен үміт артып отыр. 

Інжу Әнуарбекқызы,  әнші:

-Бала көргенін істейді дейді. Сол себептен әрине, егерде менен үлгі алып шығамын деп жатса мен барынша қолдаймын.

Бұл кішкентай бұрымдылар «Музарттық» Кенжебектің егіздері. Кәрима мен Кәлима да әнге құштар. Алайда, өнерге бейім қыздарын қолдауда Жанәбіловтың белсенділігі байқалмайды.

Кенжебек Жанәбілов,  «Музарт» тобының әншісі:

-Мен олардың танымал болғанын қаламаймын. Өйткені тіл-көз деген бар. Қазір көп жерде сұхбаттарда, сол егіз қызды түсіргісі келіп жататындар көп. Қанша қоңырау шалатындар бар. Мен өзім өнер саласында жүргеннен кейін оған қарсымын. Оның үстіне қыз баланың өнеріне мен қарсымын.

Танымал продюсер Аружан Саинның қос қызы, бүгінде балет өнерімен белсенді түрде айналысады.