Жанбай жатып көнген сезім! Рэпер Дрейк Белла Хадидпен смс хабарламасы арқылы арасын үзген.

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда Рэпер Дрейк пен Белла Хадид арасында сезім оты тұтанғаны жайлы жарыса жазылған еді. Бұл ғашықтық оты ұзаққа бармай-ақ сөнген сынды. Естімеген елде көп. Дрейк 21-жасар модельмен арадағы қарым-қатынасын ұялы телефонның көмегімен үзген екен.

21-ге таяуда толған Белла Хадидтің туған күніне Дрейк бас сұққан сәттен, жұрт екеуін жұптастырып үлгерген еді. 31-жастағы рэпер мен модельдің серуендеген сәтін ұстасақ деген папараццидің талпынсы сәтсіз болды. Ел көзіне мүлде ілінбеген екеуінің, енді бір-біріне көңілі суыпты деген болжам шықты. Дрейк көп әуреленбей, Беллаға айырылысайық деп смс хабарлама жолдаған көрінеді.

Бейонсе Рождествоны асыға күтіп жүр. Әнші жанкүйерлеріне аталмыш мереке қарсаңында өз брендінің киімдері мен аксессуарларын таныстырды. 36-жасар танымал жұлызды табысты бизнесвумен санатында. Holidayoncé аталған бұл топтамадағы заттардың құны 35-пен 55 доллар аралығында сатылымға шыққан.

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавин, футбол маусымы алдындағы демалысын отбасымен бірге өткізуде. Аяқдопшы жұбайы Алиса Казьминамен ажырасуға шақ қалған еді. Жанұясының ұйытқысын қайта тапқан Аршавин, балаларымен бірге Мальдивы аралдарында аттанған.