Суперқаһармандар жайлы фильмге қазақстандықтар жарты миллиард теңгенің билеттерін сатып алды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Айтпақшы, өткен уик-энд отандық кинопрокат үшін елеулі жаңалықтарымен есте қалды.  Warner Brothers студиясының өнімі «Лига справедливости», үлкен экрандарға шыққан алғашқы аптасында-ақ жарты миллиардқа жуық теңге тапқан. Мұның құпиясы неде?

Өткен демалыстың нәтижесінде отандық айналымда «Лига справедливости» блокбастері үздік атанды. Картина 450 миллион теңгеге жуық қаржы жинаған. Бұл көрсеткішімен суперқаһармандар лентасы, күзгі маусымда тұсауы кесілген  фильмдер арасында табысымен көш бастап қазақстандық рекорд орнатты.  

«Убийство в Восточном экспрессе» бұл аптада қаржылай жиынтығымен мәреге екінші келді. Детективті хикая 64 милионан астам теңге тапқан. Алыс сапарға шыққан поезда кісі өлімі тіркеледі. Күдіктілер – түрлі кейіпкерлер. Бұл шытырман оқиға мен жұлдызды актерлік құрам көрермен көңілін тапқандай.

«Тор: Рагнарёк» табыстылар тізімінде төменге сырғуда. Кинофантастика айналымдағы үшінші аптасында, қоржынын 26 миллион теңгеге толтырған. Атақты Кейт Бланшетт бұл картинаға, Marvel комикстерінің нағыз жанкүйері - балаларының өтінішімен түскен екен.

Бұл жұмада төртінші болған «Маленький вампир» мультфильмі. Ангела Зоммер-Боденбургтың кітабының желісімен таспаланған анимациялық лента, осы жетіде 8 миллион теңгені қалтасына басып, мықтылардан қалысар емес.

Үздік бестікті 7 миллион теңге жинаған «Чудо» америкалық драмасы  қорытындылайды. Аталмыш фильмінің қойылымымен режиссер әрі жазушы Стивен Чбоски айналысты. «Брат или брак» отандық комедиясы бұл бес күндікте 6,5 миллионнан астам теңге еншіледі. Картина – Құралай Анарбекованың толық метрдегі дебютті жобасы.