«Астана-Вильяреал»! Елордалық команданың өз алаңындағы жеңіліссіз сериясы қалай үзілді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық тағы бір футбол сенсациясы аяқталды! «Астана» футбол ұжымы, елордада испаниялық «Вильяреал» командасынан ұтылды. Өкінішті! Ел чемпионы еурокубоктік ойындардағы өз алаңындағы жеңіліссіз сериясын осылай бітірді! Дегенмен, үміт бар...

«Туған үйім – тас қамалым!» Бұл өз алаңында «Вильяреал» командасын қабылдаған «Астана» ұжымы ұстанған тактика еді. Негізсіз емес! Себебі, 2014 жылы Еуропа лигасының топтың кезеңіне шығар шешуші матчта, елордалықтар үйінде дәл осы испаниялық клубқа 0-3 есебімен есе жіберген болатын. Содан бері, «Астана-Аренадан» еш еуропалық команда жеңіс ұпайын алып кете алмаған.

Еурокубоктік ойындар аясында «Астана» командасы, өз алаңында 17 матч қатарынан ұтылмай, рекорд дәстүрін қалыптастыра алды. Бұл сенсациялы статистика тура 3 жыл 3 ай жалғасты! Қазақша шытырман драма! Сол «Вильяреал» бұл ұпайлы ойындар шеруін үзді. Тек, осы жолы есеп 3:2

«Вильяреал» сапынан Даниэль Раба мен Бакамбу үш доп соқты. Бұл кештегі Ненад Эричтің шеберлігі, Твумаси мен Кабананганың қос голы «Астана» мен қазақстандықтарды жерге қаратқан жоқ. Патриктің голына жүрегі жарылардай қуанған жанкүйерлер, тәртіп бұзып жасыл алаңға шығып кетті. 

Станимир Стоилов, «Астана» ФК бас бапкері:

Қызықты ойын болды. Біздің 17 матчқа жалғасқан футбол ертегіміз осымен тәмам. Бұл ойын команданың нағыз деңгейін көрсетті. Ендігі мақсат «Славияны» тек ұту.

Елордалық команда үшін Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығудың математикалық мүмкіндігі әлі де бар. Ол үшін ақырғы матчта Праганың «Славиясын» жеңу қажет. Қазір «А» тобында «Вильяреал» 11 ұпаймен көш басында, екінші орындағы «Славияда» 8 ұпай, үшінші сатыдағы «Астана» қоржынында 7 ұпай. Айтпақшы, бұл да қазақ футболының тарихи жетістігі!