Оңтүстікафрикалық бойжеткен "Дүние жүзі аруы" атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еске салар болсақ, Лас-Вегаста 92 сұлу жер шарының ең көрікті аруы атағына таласқан еді. Алайда, жеңімпаз тәжі, Деми-Ли Нел-Питерс есімді сұлуға бұйырған.

Ал, халықаралық деңгейдегі әсемдік бәйгеге Қазақстанның намысын қорғауға Камила Асилова аттанған еді. Өкінішке қарай, 19-жасар отандасымыз үздік ондыққа да іліге алмаған.

Сұлылық байқауының ережесі бойынша, «Дүние жүзі аруы» атағын иеленген сылқыммен бірден келісім шарт жaсалады. Содан кейін, жеңімпаз жыл бойы жер шарын қайырымдылық мақсатта, игі істермен аралап шығады.