Селена Техаста жүргенде, Джастин Бибер не бүлдірді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнімен көпке үлгі болған Селена Гомез, қазір Техастағы туыстарымен «алғыс айту» мейрамын атап өтуде. Сүйіктісі жырақта жүргенде, Джастин Бибер уақытын текке құртқан жоқ. Танымал әнші, тағы бір қылығымен жанкүйерлерінің талқысына түсті...

Өзіне аздаған демалыс жариялаған Джастин, Канаданың шаңғы курортына аттануды жөн көріпті. Алайда әнші, көпшілік алдына жейдесіз шығып, қызу талқы астында қалды. Әншінің жартылай жалаңаш жүруі, өзге демалушыларға аса ұнай қоймаған.

Күні кеше «Голодные игры» картинасының жұлдызы Дженнифер Лоуренс, Даррен Аранофскиймен ат құйрығын үзіскен еді. Қарша бораған сансыз сауалдардан жалыққан ол, экс-сүйіктісі туралы ток шоуда ашып айтты. Адам Сендлерге ағынан жарылған актриса, неліктен мұндай шешімге қабылдағанын  баяндады.

Дженнифер Лоуренс, актриса:

Сүйіктің өзің түсіп жатқан фильмнің режиссері болса, өте қиын екен. Арада кинодан басқа ортақ әңгіме болмайды. Шынымды айтсам, мұның барлығы мені қатты қажытты.

Көпшілік көзінен таса болған Шакира мен Жерар Пике Барселонада бақытты! Жеті жыл бұрын көңіл жарастырған жұлдызды жұпты, соңғы уақытта ажырасты деушілер көбейген еді. Алайда, қос ғашық сөздердің жалған екенін фотосуреттер арқылы дәлелдеуде.