Меган Маркл ханшайым атануды әуел бастан көздегені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Форс мажоры» телехикаясының жұлдызы Меган Маркл мен Гарри ханзаданың неке қиюы туралы хабар көпті қуантты. Өз сұхбатында актриса «ханшайым» боламын деп ешқашан ойламағанмын деген еді... Алайда, желі қолданушылары «Букингем сарайына» ол осыдан 20-жыл бұрын көз тіккен деседі. Неліктен?

Маркл Гарри Ханзада екеуі қуанышты хабармен екі күн бұрын бөліссе де, патша әулеті төңірегінде әңгіменің әлі де толастар түрі жоқ. Зерделі желі қолданушылары, актрисаның дәл осыдан 20-жыл бұрын «Букингем» сарайының алдында түскен суретін тауып алған. Олардың кейбірі, Меган бұрыннан патша әулетінің келіні атануды көздеген деп топшылауда. Алайда арудың өзі, ханзадамен таныстығы кездейсоқ болғанын айтқан еді.
Бритни Спирс сүйіктісі Сэм Асгаримен баскетбол матчында көзге түсті. Жас айырмашылығына қарамастан, қос ғашық өте бақытты көрінеді! Әнші өзінен бақандай 12 жас кіші серімен, бейнебаянының түсірілімінде танысқан болатын.

Бейонсенің көзіне шөп салғанымды жасырмаймын! Джей Зи алғаш рет жары екеуінің арасындағы ауыр кезең туралы тіс жарды. The New York Times-ке болған жайтты бүкпесіз баяндаған ол, ажырасуға шақ қалғанда  шығармашылық шабыты құлдыраудан құтқарғанын айтады.