Барша Марвел батырлары бірге! «Мстители» -дің трейлері жайында режиссерлер қауымы не дейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Марвел жанкүйерлері бөркін аспанға атуда! Көптен күткен «Мстители: Война бесконечности» фантастикалық картинасының трейлері жарық көрді. Туындының үзіндісі желіге рұқсатсыз шығып кеткен соң, киногерлер қауымы шапшаңдық танытып жатыр. 

Енді, қаһарман кейіпкерлер Галактика сақшыларымен бірігіп, Марвелдың ең жауыз тұлғасы Таносқа қарсы ашық айқасқа түспек..

Джо Руссо, режиссер:

-Бұл он  жылдық киноөндірістің шарықтау шегі. Марвел бірнеше франшизаның басын қосып, тың тәжірибеге барды. Он жыл бұрын, «IRONMAN» ең алғаш рет жазылған болса, ағам екеуіміз кітаптың ақырғы нүктесін қоймақпыз. Қызық болары сөзсіз.

Фантастикалық картина 2018 жылдың мамыр айында көрерменге жол тартпақ.