Тейлор Свифт, Эд Ширан, Найл Хоран мен Деми Ловато бастаған бір топ әнші Лос-Анджелеске ағылды. Жұлдыздардың басын қосқан «Jingle Ball» атты мерекелік кеш.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәстүрге айналған концертте, Тейлор Свифт пен Эд Ширанның орындауындағы ортақ тректі өзгелер тұрмақ, өнерпаздың өзі де күтпегені анық. Себебі, «End Game» туындысының тұсауын тура сахнада кескен Тейлор, әріптесін дуэтке тосыннан шақырды. Соған қарамастан, әсем ән көпшіліктің көңілін тапқан сыңайлы.

Ойыннан өрт шығады! Бірақ, бұл сөздер Оскар сыйлығының жүлдегері Том Хэнкс-ке қатысты айтылмаса керек. Твиттер желісіне «Мынау менің көлігім» деп ретро автомобильдің жанында түскен фотосын жүктеген ол, ерекше эксклюзивтің иесі атанды. Актерге, жанкүрелерінің бірі көне Фиат көлігін сыйға тартты.

Эштон Катчер мен Мила Кунис бақыттан бал бұл жайнауда! Көптен жұрт көзінен тасада жүрген жұлдызды жұп, думанды кештің біріне бас сұғуды жөн көріпті. Дүниеге сәбилері келген соң, ойын-сауықты сиреткен отбасы, бұл жолы фотографтар алдында құмарлары тарқағанша тұрды.