«Жұлдызды айқас» франшизасы ханшайым Лея образымен қош айтыспақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Галактикада батырлар мен жауыздар арасындағы тартыс әлі де жалғасуда.  Қиял-ғажайыпқа құштар көрерменнің көзайымына айналған «Жұлдызды айқас», кезекті бөлімін халық назарына ұсынуға әзір.

Фантастикалық фильмде Кэрри Фишер өзінің соңғы миссиясын орындаған еді. Ханшайым Лея ретінде, көпшілікке етене таныс актриса дүниеден озған соң, тарихы терең туындының тағдырына көпшілік алаңдады.  Бұған киногерлер жауабы мынадай.

Райан Джонсон,  режиссер:

-Леяны болашақта графиканың көмегімен, кезекті бөлімдерден көріп қалуларыңыз мүмкін. Оның барлығы сценаристердің ұшқыр қиялына байланысты. Ал, әзірше назарларыңызға франшизаның жаңа бөлімін ұсмынамыз.

Еліміздің көрермендері, фантастикалық лентаны 14-шы желтоқсаннан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады.