Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа, әріптестері қарсы шықты. Әбікәрімованың сахнада жүргенін олар неге қаламайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Еліміздің ірі шаһарларында әнсапарлатып жүрген Қайрат Нұртас пен жұбайына жұрттың құрметі ерекше. Әсіресе, Жұлдыз Әбдікәрімованың аяғын жерге тигізбей қарсы алуда! Бірден атағы асқақтаған бикештің, бұлай ел алдында жиі бой көрсетуі шоу-бизнестің өзге өкілдерінің шамына тисе керек. Жұлдыздың сахнадан көрінуіне қарсылар да табылды.

Жұлдыз Әбдікәрімованың бүгінде жарғақ құлағы жастыққа тимейтін болған. Тығыз кесте, әнсапар, таусылмайтын концерттер! Құдды сұраныстағы әншілердің өмір сүру салтындай! Жұлдыздың аяқ асты жұлдызы жануына  Қайрат Әділгерей таңырқайды... 

Қайрат Әділгерей, актер, әзілкеш:

– Ішімнен қынжылтады, қалай деп ше... Жұмыс жасап жатасың, жұмысыңды барынша көрсетуге тырысып жатасың, қолдауға ешқандай жақсы пікірлерге ілінбейсің да... Ал, былай біреудің әйелі болғаны үшін бірден қолпаштап, үлкен мәртебеге шығарып жатады да.

Жұбайын жұрт назарынан жырақта ұстайтын Ғаділбек Жанай да, Қайрат Нұртастың бұл қылығын құптап отырған жоқ. Көз бен сөздің қаһарынан жасқанатыны тағы бар.

Ғаділбек Жанай, әнші:

– Менің мынау келіншегім деп көрсетпеймін ғой. Себебі, өте сұлу! Тіл-көзден қашамын. Көрсеткім келмейді жылтыңдатып, өзі де құмар емес. Не керек ол. Өзіңнің жеке өмірің ол өмірің, өнерің ол өнерің.

Некелі жарын елге таныту немесе үй жасырып ұстау әр азаматтың жеке көзқарасы деп біледі Арман Қоңырбаев. Жұлдызды өнер көшіне қосты деп, Қайратқа кінә арту орынсыз дейді ол.

Арман Қоңырбаев,«Mysterions» тобының әншісі:

–«Счастье любит тишину» деген. Өздері біледі ғой енді, бізде осылай... Екеумізде өнердің адамы болғандықтан, бірден халық біліп жатыр біздің өмірімізде не болып жатқанын. Ал, басқалар өздері біледі.

Шоу – бизнестің жілігін шағып, майын ішкен продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдызды жоба ретінде бүгінде танытудың табысты боларын білген, деседі жұрт.