Головкин мен Альварес қарымта жекпе-жек жайлы келісімге келді. Бұл кездесу қайда өтпек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің командасы, қарымта жекпе-жектің өтетін уақытын мақұлдады. Fox Deportes басылымының хабарлауынша «GGG мен Канело» келер жылдың 5-ші мамырында айқасады. Бұл Мексиканың ұлттық мерекесі - Синко де Майомен тұспа-тұс келмек.

Қазір «Канелоның» командасының келісімшартқа қол қойылуы күтілуде. Бұл бокс кеші Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі Madison Square Garden, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешендердің бірінде өтуі мүмкін. Тұңғыш рет 16 қыркүйекте Лас-Вегаста жұдырықтастқан боксшылар тең түскен еді. Бұл кездесуде Головкин 25 млн, Альварес 35 млн доллар тапқан болатын.