Артур Төлеповтің тойы қашан?! Асылхан, ағасының қуанышты хабарын жеткізді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Қолына ақ құсын қондырғанша, үйленетіні жайлы жан баласына жақ ашпаған Асылхан, біздің тілшілердің құрығына түсті. Отағасы атанғаннен бері журналистермен жүздеспеген актер, отбасылық өмірдің қызықтарымен алғаш рет бөлісті. Төлеповтің өзі айтсын.

Асылхан Төлепов, актер:

-Енді біреуге жар салмайын деп, жеке өмір, жеке өмір болып қалғанынын қалап едім. Бірақ, енді қанша дегенменде интернет желілеріне тарап кетті. Айтады ғой өмірде 3 нәрседен жаңылыспау керек: мамандық, дос, жар таңдаудан деп. Аллаға шүкір, ойлаймын осы үшеуінен жаңылыспадым деп.

Жас депутат жанұялы болғанын дүйім жұртқа жария қылғанымен, бұдан былай жас жұбайлар ел назарында жиі жүреді деген сөз емес!

Асылхан Төлепов, актер:

-Туысқандардың арасында жүреміз. Мүмкін басқа да өнер жұлдыздарының тойларында жүреміз. Бірақ, енді шақырғанға байланысты ғой. Кейде жеке шақыратындары бар, иә! 

Асылхан ақ құсын қолына қондырған күні, ағасы Артур да келген қонақтарды тосын-сыймен тәнті қылған болатын. Бүгінде келесі қуанышқа қызу дайындықты бастаған Төлеповтер әулеті, екінші тойдың да уақытын белгілеп үлгеріпті...

Асылхан Төлепов, актер:

-Орысша айтқанда «сюрприз» жасады тойымызда. Ешкім күткен жоқ. Оны әкем де, анам да, туған қарындасым да, өзім де білген жоқпын. Ол өзі тойдың қызығына кіріп кетіп, үйленгісі келіп кетті ме, білмеймін. Жазға деп отырмыз. Күн жылынғанда деп, бұйырса жоспарлап отырмыз!

Айта кетейік, Артурдың болашақ жұбайы Мәдина, Қарағанды қаласының қызы. Сері жігіт сүйіктісімен Алматы шаһарындағы мейрамханалардың бірінде танысқан.