Леонардо ДиКаприода жаңа махаббат! Әйелқұмар сері, құрығына бұл жолы кімді түсірді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сұлуларға деген ерекше ықыласымен ел аузында жүретін Леонардо ДиКаприо, жаңа ғашығын тапты. 43 жастағы жұлдызды актермен көңіл қосқандардың тізімі бір том кітапқа татитын болар. Бұл жолы серінің жүрегін жаулаған ару кім болды екен?

 

Жизель Бюнхен, Бар Рафаэли, Блейк Лайвли, Нина Агдал... Аққұба сұлуларға жалғыз жүрегін бөліп беретін ДиКаприоның талғамы әлі де өзгермек емес. Махаббатшыл серіні паппарацци енді модель Элизабет Тернермен бірге байқап қалды. Көңіл жарастырған қос ғашық, бірге кешкі ас ішкен көрінеді.

Тіл-көзден қорықпаймын! Роналдудың сүйіктісі Джорджина жаңа туған сәбиімен мұқаба жұлдызына айналды. Қызы қырқынынан шықпастан фотосессияға келісім берген жас ана, басылымға отбасылық өмірде бақытты екенін айтып, ағынан жарылған...

Ал, Дима Билан мен Сергей Лазарев жанкүйерлер назарына қара-ақ түсті стильдегі түсірілген жаңа бейнебаянның тизерін ұсынды. «Прости меня» әніне дуэт жазған екі өнерпаз, клипті сонау Португалияда таспалап қайтқан болатын.