Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз! Әнші Бейонсе нәсілдік бөлінуге қарсы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жылдың ең табысты әншісі ретінде танылған Бейонсе, спорт марапатында төбе көрсетті. Өнерпазға арнайы жүлдені табыстау мәртебесі бұйырған. Алайда, салтанатты кеште сөз сөйлеймін деген ару, аңдамастан артық айтып қойған көрінеді...

 Нью-Йоркте әйгілі Muhammad Ali Legacy Award марапаты спорт саласының кіл мықтыларын анықтады. Жеңімпаз атанған америкалық футбол шебері Колин Каперник, мәртебелі жүлдені Бейонсенің өз қолынан алған еді. Алайда, салтанатты шарада көптің назары спортшыда емес, жалынды сөйлеймін деп жаңылыс басқан әншіде болды...

Бейонсе, әнші:

-Қайсарлығың үшін рахмет Колин! Мен сені өте қатты құрметтеймін! Сен көпшіліктің қара нәсілділер туралы пікірін өзгерте алдың!

Анжделина Джоли мен Бред Питтің жыры әлі де жалғасуда! Актриса журналистердің біріне, ақ некесін қалай сақтап қалмақ болғанын айтып ағынан жарылыпты. Энджидің сөзінше, ол экс-жарымен ортақ жоба арқылы қайта көңіл жарастырмақ болған көрінеді. Алайда бұл қадам сәтсіз шықты! «Мистер и Миссис Смит» фильмі арқылы табысқан қос жұлдыз, енді қайта қосылмастай көрінеді.

50 долларлық Джиджи Хадид! Барби және «ТОмми ХилфИгер» брендттері бірігіп, әйгілі арудың образындағы қуыршақ шығарды. Талай елдің сән сахнасын бағындырған сылқым, бұл жаңалыққа дән риза. Ерекше ойыншық, Еуропаның бірнеше қаласының дүкен сөрелеріне түсіп үлгерген.