Дәулет пен Гүлхан дуэті су жаңа бейнебаянмен көз қуантпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі сәнбике сынды, Дәулет пен Гүлхан дуэті де үлкен танымалдылыққа ие болар деген сенімдеміз. Себебі, аталмыш ұжым жуық арада су жаңа бейнебаянмен көз қуантпақ. Алайда өнерпаздар,  қандай әнге клип түсіргендерін әзірге құпия сақтауда.

 Еске салсақ, бұл дуэт ең алғаш 2012 жылы «Көзіңнің мөлдірін-ай» атты халық әніне бенебаян таспалап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген еді. Енді, араға бес жыл салып қайта оралған Дәулет пен Гүлханға сәттілік тілейміз!