Күні кеше квартет болып құрылған «Асыл» тобы, қайтадан үштікке айналмақ па?! Кету кезегі кімге келді?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана көлемді кастинг жариялаған «Асыл» гелзбендінің құпиясы ашылды. Қобызшы қыздарға іздеу салған ұжым, іріктеуге келген бірде-бір үміткерді қабылдамапты. Бірақ, жаңа құрам квартет болып қайта жасақталған. Сонда, топты толықтырған кім?!  

Иә, кеш көрермені куә болғандай топтың төртінші әншісі Ғалия. Екі жылға жуық декреттік демалыста отырған гелзбендтің экс-мүшесіне, продюсері қайта ұсыныс жасаған. Кезінде қобызшы қыздар ұжымының іргетасын қалаған дәл осы Ғалия еді. 

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Жалғыз өзім жұмыс істей алмайтыныма менің көзім жетті. Өйткені, әбден үйреншікті нәрсе. Анар екеуіміздің сахнада бірге жүргенімізге 8 жыл болды. Сондықтан, қасымда міндетті түрде арқа сүйер адам болуы керек болғандықтан, топқа әбден үйреніп қалдым.

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Ғалия, қайтіп келді деуге шынымен аузымыз бармайды. Себебі, Ғалия біздің әрдайым біздің жанымызда болды. Бөпесін көтеріп, күйеуін жетектеп дегендей... Екі күннің бірінде біздің үйде жүр шыны керек.

Алғашқыда бұл жаңалық Ақеркені терең ойға түсіріпті. Өйткені, триодан төрттікке айналған қобызшы қыздар, құрбыларын қалжыңмен әлекке салған.  

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Ақерке, шошып кетті десең, иә?! Ғалия, қайтып келеді дегенде шынымен мен шошып кеттім. Енді, шыны керек ол қыз баланың басты мақсаты, арманы дегендей... Ондай ойды әзілдеп айтты қыздарым. Мен келдім, енді сенің кезегің келіп тұр... Отбасылық өмір, жанұялық өмірге қадам басу дегендей әзілдеп айтып қоямыз әрине!

«Асыл» тобының ендігі сахналық стилі де бұрынғыдан өзгерек болмақ. Бірақ, жаңа құраммен жасақталған ұжым, тың образға бірден үйренісіп кете алмаған.

«Асыл» тобы:

-Оңай емес екен. Біз өзіміздің қазақы образдан басқа образға көшкеніміз, кішкене қазақилыққа әлі де тартып тұрады. Осы образды дайындау барысында да кішкене ұзынырақ жасайық, жабығырақ жасайық, ашпай-ақ қояйық деген сияқты, сүйекке сіңіп кеткен нәрсені ұстанып, ерекше образ жасауға тырыстық!