Аша Матай енесінен ұялып жүр. Әншіні тығырыққа тіреген қандай жағдай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ел алдында жүрген арулар, жұлдыз болғанына қарамастан келіндік міндетінен қашып құтылмақ емес. Мәселен, ақ жаулықты Аша Матай өзіне тиісті парызының кейбірін орындамайтын көрінеді. Өнер иесі енді енесінен ұялып жүр...

Аша Матай, әнші:

-Кейбір кездері өзімді ыңғайсыз сезінем. Көбінесе түсірілімдерде жүрем, гастрольдік сапарларым бар. Содан кейін, үйге келгенде ішімдегі нәрселерім, ыңғайсыздық болып тұрады да. Ойбу, мен тамақ жасаған жоқпын, үй жинаулы емес деген сияқты...                                              

Түсірілімдерден дамыл көрмейтін Аша Матай, келіндік міндетін бұлжытпай орындауға тырысады. Отбасының «отымен кіріп, күлімен шығуға» әрдайым әзір. Ал, әнші Шахизада кезінде нағыз «жұлдызды келін» болғанын айтады.

 Шахизада, әнші:                                                                                     

-Енем бір, үйді жинаймын, көмектесейін деп бауырсақ жасап жатыр екен. Барып бірдеңеге көмектесейін десем, жо-жо-жоқ айналайын көмектеспей-ақ қой, өзім жасаймын, тырнақтарың сынып қалады деді. 

Ал, Қазақстан аруы Айдай Исаеваның Шымкентке келін атанғанына бірнеше жыл болса да, отбасылық өмірде «білетіні бір тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз».

 Айдай Исаева, модель:                                                                           

Мен әлі күнге шейін қамырды жая алмаймын. Менің қайын сіңлім, үйде бірге тұрамыз. Ол торт жағынан, илеу жағынан ол маған үйретеді негізі. Бірақ мені кішкентай кезімде мамам ешқашан жұмсаған емес.                                                                                                                  

Алайда, ата-ененің алдында зыр жүгіру әр қазақ қызының мәртебелі міндеті. Мұны жақсы ұғынған Айнұр Ілиясованың, жас келіндерге айтары бар.              

 Айнұр Ілиясова, актриса:                                                                        

Тек қана жаңа жұртқа үйрену керек, жаңа туысқандарға үйрену керек. Оларды ең бастысы мына жүрекпен сүю керек. Сонда бәрі жақсы болады.