Қазақ футболы тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама алған «Астана» клубы

Сообщить о проблеме с эфиром

Еурокубоктік ойындарды да футбол байқауы десек, «Астана» командасы - ел атын сәтті шығарып жүрген конкурсант. Швейцарияның Ньон қаласында 2017/2018 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының жеребесі тартылды.

Қазақ футболы тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама алған «Астана», Португалияның    «Спортинг» командасымен қарсылас атанды.

Станимир Стойлов шәкірттері топтық кезеңде «А» тобында 10 ұпай жинап, екінші орынмен плей-оффқа жолдама алған еді. Сонымен қатар, 1/16 финалда алғашқы мачты Астанада ойнайтын қос команда 7 000 шақырым қашықтықты еңсеріп, Еуропа Лигасының жаңа рекордын орнатпақ.