«Призрачная нить» тарихи драмасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью-Йоркте өткен күннен сыр шертетін «Призрачная нить» тарихи драмасының тұсауы кесілді. Кинокартинада басты рөлді сомдаған Дэниэл Дэй-Льюис үшін, бұл – өзі жүріп өткен ең соңғы қызыл кілемі болмақ. Неліктен?

Режиссер Пол Томас «Призрачная нить» драмасында да басты рөлді  Дэниэл Дэй-Льюиске аманат қып тапсырған. Біртуар актер, бұған дейін киногердің «Нефть» картинасындағы үздік ойыны үшін «Оскар» сыйлығын еншілеген еді.     

Соған қарамастан, «Оскардың» үш дүркін иегері бұдан былай фильмдерге  түспейтінін кесіп айтты. Енді, «Призрачная нить» - киножұлдызға айналған Дэниэл Дэй-Льюистің, шығармашылық жолындағы ең ақырғы еңбегі болып есте қалмақ..                                                                                                                

Лесли Мэнвилл, актриса:                                                                                            

   -Өкінішті, оның әлі талай киноға түскенін қалар едім. Алайда, мен ештеңе айта алмаймын. Себебі, бұл өзінің таңдауы.                                                                 

50-ші жылдар, Лондон қаласы. Заманының зиялы қауымын өз қолынан шыққан туындыларымен киіндірген Рейнольдс Вудкок, мансап жолында тасы өрге домалаған жанның бірі болатын. Алайда, он саусағынан өнер тамған кутюрье өмірі, Альма есімді аруды кездестірген соң, мүлде өзге арнаға бұрылады..

Вики Крипс, актриса:                                                                                            

-Махаббат ұлы сезім, ал жүрекке әмір жүрмейді. Фильмнің сюжетіне негіз болған да, дәл осы махаббат.

Тарихи драма 25-желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!