Жұлдыздар парақшасынан сән кетті! Продюсер Алтынбек Рахметов әр постын жарнамаға арнаған әріптестерін сынға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жылт еткенді желіге жүктейтін жұлдыздар, жеке парақшасының жарнама алаңына айналғанын сезер ме екен», - дейді Алтынбек Рахметов. Продюсер, қызықсыз жазбаларды, пайдалы посттарға алмастырсақ деген ойда...

 Алтынбек Рахметов, продюсер:

-Тақтайшалар болады ғой, ылғи жарнамалар жабыстыратын. Сондай болып қалды. Сондықтан... біреудің жаңа әні, біреудің жаңа  бейнебаяны, біреудің тағы бір нәрсесі...

Кез-келген тақырып талқыға түссе, екіжақты пікірдің туындауы заңдылық! Мәселен, Нұржан Керменбаевтың пост жариялаудағы өзіндік ұстанымы бар. 

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Менің өзімнің ұстанымым «бірлік бар жерде, тірлік бар», «көп түкірсе көл». Сондықтан, мағанда жарнама керек. Өзіңнің жақындарыңа, достарыңа жібересің. Қабылдайтындар қабылдады, салғандар салды. Салмағандарға ешқандай реніш жоқ!

Жо-жоқ! Нұржанның бұл пікірімен Айқын келіспейді. Өйткені, өнер иесіне «өкпесі қара қазандай» әріптестері жетерлік екен... 

Айқын Төлепберген, әнші:

-Көп әншілердің менен көңілі түсіп қалған шығар. Себебі, жібереді «Мен ааа, жарайды», - деп салмай кетемін. Түсіндіремін ренжімеш, менен көп адам сұрайды. Біреуін салсаң, екіншісі ренжиді. Екіншісін салсаң, үшіншісі ренжиді деген сияқты...

Иә, бүгінде Айқынға пост жүктеуді өтінушілердің саны азайған. Әнші бұдан былай, желіге тек жеке басының жаңалықтарды жариялаумен шектелмек.  

 Айқын Төлепберген, әнші:

-Шынында да инстаграм сенің емес, басқа адамдардың инстаграмы сияқты болып кетеді де. Көбіне өзімнің жеке өмірім, жұмысым туралы. Өзімнің қайда жүрмін, не істеп жүрмін. Сол туралы салуға тырысамын.