Рианна мен Хассан Джамиль! Әнші арабтарға келін атанайын деп жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Рианнаның жеке өмірі де кинолентаға негіз бола алады. Әнші күні кеше, құрбысы Наоми Кэмпбелдің сүйіктісін тартып алып, көпшілікті таңыртқан еді. Рири жақын күндері арабтарға келін атанса, еш таңқалмаңыз.

Миллиардер Хасан Джамильдың Рианнамен бірге түтін түтетсем деген үмітпен жүргені байқалады. Жарты жыл бұрын көңіл жарастырған қос ғашық, папарацци құрығына ілікті. Инсайдерлер сақинасымен көзге түскен сұлудың сыртынан, жуық арада тұрмыс құрады деп тон пішуде. Бірақ, бақыттан бал-бұл жайнаған әнші, әзірге жеке өмірін жұмбақ ұстауда.

Жұлдызды әулеттің отанасы, Крис Дженнер жаңа қонысқа көшті! Қызы Ким Кардашьянмен көрші атанған ол, зәулім сарай үшін он миллион долларға қалтасын жұқартқан. Бассейн, кинотеатр, жаттығу залы – жұлдыздың үйінен жанға керектінің бәрін табасыз!

Меган Марклдың ізіне түскен жанкүйерлері, аруға әлі де тыныштық берер емес! Бұл жолы, әлеуметтік желі қолданушылары болашақ ханшайымның,  Санта-Клаус киімімен түскен суретін сынға алуда. Қызыл түсті қысқа көйлек, Елизавета патшайымның көңілін көншітпесі анық, дейді олар.