Мәди Рымбаевтың түн ұйқысын төрт бөліп, мазалайтын бұрымдылар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәди Рымбаев қыздар тыным бермейді деп шағымданады. Әсіресе, түнде жасырын нөмірден хабарласып жиі мазалайды. Дайректіне де хаттар   үздіксіз келеді екен. Бәлкім, сұлулардың сезімі шабыттандырған болар, әнші бозбала махаббат жайлы кезекті туындысын таныстырды.

Мәди Рымбаев жеке әнінің музыка авторы және өңдеуін де өз қолынан өткізеді. Мәтінін басқаға жаздырғанымен, негізі тақырыбының қандай боларына өзі бағыт сілтейді! Жас өнерпаздың жаңа туындыға шабытын оятқан ерекше жан кім болды екен?!

Мәди Рымбаев, әнші:

– Біреуге арнап жазудың қажеті жоқ менің ойымша. Енді, болашақта кездестірермін сол бір жанды. Қыздар енді болады звондайды, жасырын нөмірден. Дайректті міндетті түрде тексеремін. Әрқашанда жауап беремін.

Бала махаббаттың ғана дәмін татқан бозбаланы, бүгінде өзге дүние толғандырады. Актерлық мамандыққа машықтануды көздеп жүр. Келешегімнен үмітті әншімін дегенімен, оны 13 жыл музыка мектебінде білім алу мен бір сарындылық жалықтырғанын айтады. 

Мәди Рымбаев, әнші:

– Спонсорым әрине бірінші ол мамам. Мен мамаммен сөйлескенде, мамам былай айтқан: әуелі мектепті бітір, сосын өнер академиясына түс. Сосын ғана, осы шығармашылығыңмен айналыса бастайсың.

Сондықтан да, әлі күнге берде-бір бейнебаян таспалауға мүмкіндігі болмаған. Бұған қоса, Әли Оқаповпен салыстырмаса екен деп тілейді.

Мәди Рымбаев, әнші:

– Әлидің інісі, Әлидің арқасында, мамасының арқасында деп көп айтылады. Ұқсау, еліктеу екі бөтен нәрсе. Мен ағама ешқашан еліктемеймін. Енді, дауысымыз ұқсас, енді не істейсің? Табиғат сондай.

Арманы – өнер әлемінде жеке тұлға болып қалыптасу!