«Брат или брак» «Бизнес по-казахскидің» рекордтарын жаңартты! Жылдың үздік комедиясы атануға қайсысы лайық?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бизнес по-казахски» Google-да ең көп ізделген фильмдердің топ ондығына енген тұңғыш отандық картина. Бұған дейін, прокатта ең ұзақ жүрген туынды ретінде рекорд орнатқанды. Бірақ, комедияның бұл көрсеткішін «Брат или брак» бұзды!

«Бизнес по-казахский» комедиясы екі ай бойына үлкен экраннан үздіксіз көрсетіліп, миллион долларға жуық касса жинауымен көшбасшылар қатыранан көрінді.

-Нұрлан Қоянбаев,  продюсер:

– Барлық кинотеатрларда билет жоқ дейді. Бұл енді үлкен баға.

Дегенмен, тың бағыттағы «Брат или брак» туындысы, Нұрлан Қоянбаевтың картинасын шаң қаптырғаны анық! Себебі, фильм прокатта оныншы апта тапжылмай тұр.

Тәуекел түскен тағы бір туынды - «Анамды іздеймін» комедиясына да көрермен үздіксіз ағылған болатын.

Асқар Бисембин үшін де жемісті жыл болғаны хақ. Қос туындысын көптің таразысына салған режиссердің «Наурыз. кз»-ін сәтті дей алмасақ та, «Больше чем кино» талғампаз киноқұмарлардың көңілін тапқандай. 

Оның аттасы Асқар Ұзабаевтың екі бірдей туындысы да, керісінше зор қошаметке бөленді! Отбасылық құндылықтарды ұлықтайтын «Келинка тоже человек» комедиясы да, «Найнти уандықтардың» шығармашылық жолын суреттеген киноөнімі де көрерменнен кенде болған жоқ.

Елдің аңсарын аударған картина «тәжін» - «Арман. Когда ангелы спят» драмасына беруге болар. Фильмнен бұрын көпке Қайрат Нұртастың жұбайын көру қызығырақ болғандай.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Жұлдыз әлі сондай. Әлі сондай қарапайым, әлі сондай әдемі, әлі сондай тәтті. Рахмет саған, жаным-ааау!