Нұржан Садыбеков Әсел Сәдуақасоваға тек кинода ғана емес, шынайы өмірде де ғашық болып қалған ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әсел Сәдуақасова продюсерлік етіп, өзі басты рөлін де сомдаған кезекті комедиясын әріптестеріне таныстырды. Тұсауы кесілген туынды несімен ерекше? Көрермен берген баға қандай? Бірге білейік.

Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевтың шығармашылық тандемінен туындаған үшінші толықметрлі туындыны, алғашқылардың бірі болып тамашалауға жиылған жұлдыздар қара құрым.

Продюсер мен режиссер отандық фильмге деген көрермен сенімін арттыра түсуде барымызды салдық, - дейді. Ол үшін, көз үйренген актерларды емес, жаңа бейнелерді көбірек қосқан. «Эпизод патшасы» деген бейресми лақабы бар Нұржан Садыбековтың де басты рөлге бекітілуі сондықтан. Ұзабаев оған биік талабын төтесінен қойған.

Нұржан Садыбеков, актер:

– 180 градус айналдырамын деді ғой. Қинаймын деді, аямаймын деді. Бір-бірімізге шыдайық деді. Бір-бірімізге шыдадық.

Бұл картина қазақ жігітінің болмысында бар кемшіліктер мен артықшылықтарды жіпке теңдей тізе алған туынды! Өзге ұлт серісінің етегінен ұстауға кет әрі емес, біздің бойжеткендердің бет-бейнесі де көрсетіледі.

Ақбота, Сейітмағамбет, актриса:

– Қазақ жігітін даттағысы да келді, жақсы жағынан да көрсеткісі келді. Бірақ та екі жағын да жақсы қарастырған деп ойлаймын.  Әселдің ойнағаны қатты ұнады.

Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш:

– Әзіл ғана көремін емес, соның ішінде драма да болды, кішкене көз жасын келтіретін ішінде кадрлар да болды. Барлығы да өз ретімен, салмақты, орынды.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Романтикасы көп болды. Бірақ, романтикасы менің ойымша халықтың көңілінен шықты. Махаббатты өте жақсы, керемет сомдады.

«5 причин не влюбиться в казаха» комедиясы 27 – ші желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады.