Меган Марклдың қалыңдық көйлегінің пішімі абайсызда әшкере болып қалды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Продюсері тұрмақ, қанша жыл тырмысып жасаған мансабынан биыл Меган Маркл да біржола бас тартты! Бәрі де – Гарри ханзада үшін! Сылқым келер жылдың мамырында патшалық отбасының келіні атанбақ. Сол салтанатқа киетін қалыңдық көйлегінің пішімі абайсызда әшкере болып қалды.

Меган өміріндегі ең маңызды күнге арналған көйлекті тігу жауапкершілігін – израильдік Инбарь Дрорға сеніп табыстаған-ды. Сәнгердің бұған дейін Бейонсеге образдар дайындауымен аты шыққаны бар. Ашық-шашық дүниелерді жасауды ұнататын дизайнер, бұл жолы патшалық отбасының келініне қоятын  барлық шектеулерін ескеруге тырысқан.

Хлое Кардашьянның ақ көйлек киіп, неке қидыру арманы әлі орындала қоймаса да, ана атану тілегі қабыл болған. Сылқым, тұңғышына аяғы ауыр екенін ресми мәлімдеп, жүрекжарды сырымен бөлісті.

-Бұл мезетті жылдар бойы  асыға тосқан едім! Бірақ, құдайдың бұйыртқан уақыты осы болды. Біз Тристан екеуміз тым бақыттымыз!

«Рублевка полицейі» Александр Петров та бөркін аспанға атуда. Сері «Кинопоиск» сайты арқылы ең жиі сұраныста болған актерлар тізімінде көш бастады. Бұл рейтингте ол үнемі үздік шығатын  Данила Козловскийдің өзін басып озған.