Ең жақын жан - Лео ма? Орландо Блум туған күнін неге ДиКаприомен бірге тойлады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзірге, Орландо Блумның 41 жасқа толған туған күнін не себепті Леонардор Ди Каприомен бірге өткізгенін білейік! Қос сүр бойдақ бірге Мароккоға аттанған.

Қос актердің басын қосқан – Формула -1-ге деген құмарлық! Кезекті темір тұлпарлар жарысы Мороккода өткендіктен олар бірге осында келген. Туған күні құрметіне, Орландоға тіпті спорткар рөліне отыру мүмкіндігі де сыйланыпты.

Әдетте, дәл Орландодай көптің ықыласына ие Виктория Бэкхемнің, бүгінде хәлі мүшкіл! Себебі, бикеш хейтерлердің шабуылына тап болды! Оны ғаламтор қолданушылар тым арық сәнбикелермен ғана жұмыс істейсің деп айыптауда. Қу сүйек қыздар өзге сылқымдардың ойын бұзып, арықтаймын деп олардың анорексияға ұшырауына ықпал етеді деген дәйектер алға тартылған.

«Өнер құрбандықты талап етеді»! Сондықтан, мың құбылуға бармын, - дейді Блейк Лайвли бикеш! Райан Рейнольдстің 30 жастағы жұбайының бұл жолғы образы тіпті адам танығысыз. Имиджін ол - «The Rhythm Section» картинасы үшін өзгерткен.