Дуа Липа, әлде Эд Ширан? Әйгілі «Брит Эвордс» марапаты үміткерлер тізімін таныстырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Қырық жылдық тарихы бар, «Брит Эвордс» сыйлығы биылғы жылдың үздіктерін анықтамақ. Жеңімпаз атануға дәмелілер қатарынан - Эд Ширан, Дуа Липа, Сэм Смит табылды. Олардың арасында бірнеше марапатқа бірден үміткер атанғандар да жетерлік.

Британдық ән марапатының тізімінде Дуа Липа көш бастап тұр. New Rules трегімен талай чарттан көрінген ару, бес бірдей аталым бойынша бақ сынап, үздік шығуға ниетті.

Дуа Липадан Эд Ширан да қалысар емес. Төрт бірдей жүлдеден үмітті музыкант, жұрт 2017-жылы ең көп тыңдалған әнші ретінде жарқ еткен еді. Жыл бойы жанкүйерлерінің ыстық ықласына бөленген ол, арнайы сыйлықтан құр алақан қалмауы тиіс.

Топтан уақытша кетіп, жеке шығармашылығына мықтап кіріскен Лиам Пейн де үміттілер арасында. «Уан дирекшондық» сері «Strip That Down» туындысының арқасында «Үздік сингл» немесе «Үздік видео» жүлдесінің иегері атанбақ.

Лиам Пейн, музыкант:

-Бұл ән өзімнің көңілімнен толықтай шыққан болатын. Жеткен жетістігіме әлі де сене алар емеспін. Миллиард қаралым жинадық. Бұл дегенің әлемнің бір бөлігі емес пе?

Британдық болмаса да, бұл тізімнен Тейлор Сфифт, Пинк, Кендрик Ламар, Диджей Халед, Бьорк сынды дарынды музыканттардың есімдері жылт етті. Өнер иелері өзара «Үздік халқаралық орындаушы» аталымы бойынша жарысқа түспек...