Мел Гибсон қетерлі дертке душар етті! Актердің экс-жұбайы аса ауыр айып тақты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Мел Гибсонның экс-жұбайы Оксана Григорьеваның миынан қатерлі ісік табылған. Дәрігерлердің мұндай үкімінен соң, сылқым бірден шу шығарды. Осы дертке душар болуыма Гибсон мырза кінәлі деген ол, енді бұрынғы күйеуінен еміне ақша өндіріп алмақ.

Ат құйрығын үзісіп, одан қалды бар мүлікті бөлісу, ортақ қыздарына қамқорлық көрсетуге талас сынды сот отырыстары қажытып жіберді , - дейді Оксана. Денсаулығы осының кесірінен сыр бергеніне сенімді. Енді, Мел Гибсонның соңғы тиынына да дейін қағып алып, бикеш өз еміне жұмсауды көздейді. Бірақ, актер «оңай шағылар жаңғақ па»?!

Таяуда, ана атанған Серена Уильямс та, жүктілік мерзімі оңай соқпағанын айтып шағымданды. Аяғы ауыр сәтінде теннисші аруды түрлі дерт қыспаққа алған екен. Дегенмен, сәби сүюім бар ауыртпалықты ұмыттырып, күш-қуатымды арттырды дейді сылқым. Енді, бағындырар белесім еселене түсер деп сенеді.

Бақытқа бөленген шағы Бритни Спирске де қанат бітіргендей! Сылқым таяуда тұрмысқа шығуы мүмкін. Индсайдерлер сөзіне сенсек, сүйіктісі Сэм Асгари оған үйлену туралы ұсынысын жасап үлгеріпті. Бірақ, ғашықтар бұл сүйінші хабарды, әзірге жұрттан жасыра тұруды ұйғарған. Сері, Спирс сылқымның  балаларымен де тіл табысып қалған көрінеді.