«Экс-Аюмилік» Ақназ! Продюсер атанған арудың Алуа Қонаровамен қарым-қатынасы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алуа Қонарованың қанатынан түлеп ұшқан қыздар да, шығармашылық жолдағы еңбегімен ел есінде қалмақ ниетте. Мәселен, Ақназ Сағындықова музыкалық продюсер атанып, ұстаздыққа бет бұрған болатын. Арудың бүгінгі өмірі қандай? Тілшіміз біліп қайтқан еді.

«Аюми» гелзбенды тарағаннан кейін, Ақназ Сағындықова қандай іспен айналысатынын бірден білген. Ұстаздыққа бет бұруды көптен армандаған ару, бұл күндері шәкір тәрбиелеуге кірісіп кеткен. Әзірше, әнші жаңа ісіне енді-енді үйрете бастапты.

Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының экс-әншісі:

-Шаршататын да нәрселер көп енді. Өйткені азаннан кешке дейін бір нәрселерді көрсетемін ғой. Жалпы бірінші сабақ болғаннан кейін, он адам болса онына да, бәрін бірдей айтам не істеу керек екенін. Енді, бір айдан кейін енді жеңілдеу болатын шығар, бірақ өзіме ұнайды.

Сондай-ақ, Ақназ өнердегі анасы Алуа Қонарованың қалауымен, бұдан-былай продюсерліктің тізгінін де қолына алып көрмек. 

Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының экс-әншісі:

- «Аюми» тарағаннан кейін, ол маған бірден айтты, мен саған сененмін, музыкалық продюсер бола алатыныңа деп. Сондықтан, маған айтты көп еңбектену керек деп. Жақында бізде кастинг өтті, бірнеше қызды алдық.

«Аюмиліктердің» ізін басқан жаңа жобаның шығармашылығының өркендеуі толықтай Ақназдың мойнында. Отыз бес қыздың ішінен іріктелген жаңа ұжым, өздерін жуық арада жұртқа толық таныстырмақ. 

Жұмысына білек сыбана кіріскен жас продюсердің, жеке өміріне қатысты  жоспарын да білдік.

Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының экс-әншісі:

-Дәл қазір менің ойымша, менің тағы бір жұмыс істегенім дұрыс болады. Дәл қазір менде күйеуге шығам дейтіндей жаңалық жоқ.